ТОЛЕБИЙСКАЯ РАЙОННАЯ БОЛЬНИЦА
УПРАВЛЕНИЯ ОБЩЕСТВЕННОГО
ЗДОРОВЬЯ ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ
Тел: С 08:30 до 18:00 8(72547)5-13-03, 8(72547)5-11-03. С 18:00 до 08:30 8(72547)5-11-37, 8(771)185-07-98
Наш Факс: (72547) 5-11-03
Электронная почта: trbtoleby@mail.ru
Главная сайта / Умарова Карлыгаш Раушановна
Руководитель ГКП на ПХВ «Толебийская районная больница » Управления здравоохранения Туркестанской области
Умарова Карлыгаш Раушановна 1975 жылы туылған, қазақ. Отбасылы.
1991 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтына оқуға түсіп, 1997 жылы аталған оқу орнын «Емдеу» мамандығымен тәмамдаған.
2020 жылы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің денсаулық сақтау саласындағы менеджмет мамандығының
«Экономика және бизнес» МАГИСТРІ дәрежесін алды.
1999-2003 жылдар аралығында Қарағанды облысындағы ауруханада дәрігер-фтизиатр қызметін атқарған.
2003-2017 жылдар аралығында Облыстық онкологиялық диспансерде дәрігер химиотерапевт қызмет атқарған. Оның ішінде:
2006-2015 жылдар аралығында Облыстық онкологиялық диспансерде күндізгі емдеу бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарған.
2015-2017 жылдар аралығында Облыстық онкологиялық диспансерде бас дәрігердің сапа ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарған.
2017-2018 жылдар аралығында Облыстық жоғарғы қысымды оксигинация орталығында бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарған.
2018 жылы шаруашылық жүргізу құқығындағы «Төлеби аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарған.
2019-2020 жылдар аралығында Түркістан облыстық клиникалық ауруханасының бас дәрігердің орынбасары қызметін атқарған.
2020 жылдың қыркүйек айының 21 жұлдызынан бастап қазіргі таңға дейін шаруашылық жүргізу құқығындағы «Төлеби аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының басшысы қызметін атқарып келеді.
Өз қызметінде қабілетін жоғары көрсете білді. Халыққа көрсетілетін медициналық көмектің көлемін, түрін және нысанын талдайды. Медициналық көмектің көптеген түрлерін дамытуды жоспарлайды. Халық денсаулығын сақтауға және нығайтуға арналған әлеуметтік-профилактикалық бағыттылықты анықтайды. Денсаулық сақтау ұйымы қызметінің соңғы нәтижелерін бағалайды.
Өз кәсіби біліктілігін тиісті әдебиеттерді, әдістемелік материалдарды оқи отырып және семинарға қатысу арқылы, біліктілігін жетілдіру циклдарында арттырады. Ауруханада жас әріптестерге кәсіби көмек көрсетумен айналысады.
Медициналық әдепті ұстанады, жауапкершілік және орындаушылықпен ерекшеленеді. Еңбекқор,емдеу және пациенттерге медициналық көмек көрсету барысында жүйелі және сапалы көмек көрсетуді жүзеге асырады.
Түркістан облысы, Төлеби ауданында, ауылдық денсаулық сақтау саласының жүйелі дамуына елеулі үлес қосып келеді. Көп жылдық адал еңбегі, жоғары іскерлік және адами қасиеттері үшін әрептестері арасында орасан құрметке ие.