Төлеби аудандық ауруханасында Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің ұсынысы негізінде Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы Е.Әлімқұловтың төралығалығымен өткен ақпараттық мәжіліс хаттамасына орай сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу үшін, «Тоқта, жемкорлыққа жол берме» ұранымен 2023 жылдың тамыз айының 26 жұлдызында сағат 9:00 ден 13:00 аралығында ауқымды іс-шара өткізілді! Іс-шара барысында 40-қа жуық науқас білікті медицина мамандарының кеңесін алып, тексеруінен өтті. Тіпті кейбірінің медициналық сақтандыруы болмаса да. Аталмыш шарада қызмет көрсеткен:
•Жалпы тәжірибелі дәрігер
•Хирург
•Онколог
•Маммолог
•Гинеколог
•Офтальмолог
•Отоларинголог
•УДЗ дәрігері
•Рентген мамандары
Сонымен қатар төмендегідей мәселелер бойынша да, яғни, атап айтқанда:
Әрбір келген ем қабылдаушыға көрсетілетін тегін медициналық көмек туралы, портал ашу, түрлі оталарды жасау, бала босандыру және түрлі медициналық аныктамаларды беру, мүгедектікке шығу құжаттарын реттеу, курорт-санаторлық кітапшаларды беру және тағы да басқа медициналық тексерістен өткізу кезінде жемқорлық көріністері болып табылатын іс-әрекеттердің орын алуы мүмкін жағдайлардың жауапкершілігі және салдары түсіндіріліп, ақпараттандырылды.